Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Тереңкөл ауданының полиция бөлімі 2018 жылғы 12 ай ішіндегі Тереңкөл ауданы ПБ-дің жедел-қызметтік жұмысы бойынша АҚПАРАТ
2018 жылғы 12 ай ішіндегі Тереңкөл ауданы ПБ-дің жедел-қызметтік жұмысы бойынша АҚПАРАТ

2018 жылғы 12 ай ішіндегі Тереңкөл ауданы ПБ-дің негізгі күштері құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ қылмыстарды ашу мен оның алдын алуға бағытталды.
Өткен жылғы қызметтік көрсеткіштері мен қылмыстар жағдайының анализі, қолға алынған шаралардың криминалды жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.
2018 жылғы 12 ай ішінде Тереңкөл ауданының аумағында 182 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 2017 жылдың ұқсас кезеңінде 193 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Яғни, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 11 фактіге немесе 5,7 %-ға азайғанын көрсетеді.
182 қылмыстық құқықбұзушылықтың 119-ы немесе 65,4 %-ын бөтен мүлік ұрлығы құрайды. 2017 және 2018 жылдары – ұрлық саны бір деңгейде.
Негізгі қылмыстық құқық бұзушылықтар Тереңкөл аудан орталығында тіркелген – 80. Одан басқа, аталмыш ауылдық округте өткен жылмен салыстырсақ тіркелген қылмыстар саны 8,1 %-ға өскені байқалады (2017ж-74, 2018 ж-80). Тіркелген қылмыстар бойынша Песчан ауылдық округі екінші орында. Онда 33 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Аталмыш ауылдық округте 2017 жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтардың 11 фактіге немесе 13,2 %-ға, абсолюттік санымен алғанда 38-ден 33-ке дейін төмендегені байқалған.
Тіркелген қылмыстар бойынша Бобровка ауылдық округі үшінші орында тұр. Онда 12 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Осы ауылдық округ бойынша өткен жылғы мерзімде - 10 қылмыс, яғни 2 фактіге немесе 20 %-ға, 10-нан 12-ге дейін өсу байқалған.
2017 және 2018 жылдардағы барлық қылмыстарды ашудың жалпы саны– 85 пайызды құрайды.
Ауыр дәреже бойынша: аса ауыр қылмыстар – 100 % (2017ж. –100 %); ауыр – 100 % (2017ж.–100 %); орташа ауыр – 80,4 % (2017ж – 79,9 %); ауыр емес – 100 % (2017ж. – 100 %).
Тіркелген қылмыстардың құрамындағы кемігені: орташа ауыр қылмыстар 2,3 %-ға, 128-ден 125-ке дейін; ауыр емес қылмыстар 18,5 %-ға, 27-ден 22-ге дейін; пәтер ұрлығы 40,5 %-ға 37-ден 22-ге дейін; мал ұрлау 41,7 %-ға, 12-ден 7-ге дейін; бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдармен 3,4 %-ға, 116-дан 112-ге дейін; кәмелетке толмағандармен 25 %-ға, 4-тен 3-ке дейін; алкогольді мас күйінде жасалған қылмыстар 9,5 %-ға, 42-ден 38-ге дейін; топта 29,2 %-ға, 24-тен 17-ге дейін.
Жол берілмегені: денсаулыққа ауыр қасақана түрде зақым келтіру, көлікті айдап кету, қорқытып алу, қаруды ұрлау, қаруды заңсыз жасау.
Сол деңгейде қалғаны: ұрлықтар – 119-дан, тонау – 4-тен, зорлау, алаяқтық отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар – 2- ден.