Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 02.07.2019 Павлодар қ. Павлодарда көші-қон қызметтер орталығы ашылды
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 02.07.2019 Павлодар қ. Павлодарда көші-қон қызметтер орталығы ашылды

1

2

3

 

Павлодарда көші-қон қызметтер орталығы өз жұмысын бастады. Осылайша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен ҚР ІІМ республика бойынша еңбек мигранттарына мемлекеттік қызметтердің «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілуін қамтамасыз ететін 16-шы көші-қон орталығын іске қосты.
Орталықтың бірінші жұмыс күні Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Фархат Әлімов пен облыстық полиция департаментінің басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров барып қайтты.
Енді шетел азаматтарына жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бұрыңғыдай бірнеше мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Олар енді ЖСН алу, салық төлеу, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өту, сақтандыру полисін бір сағаттың ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Фархат Әлімовтың айтуынша, көші-қон орталықтары еңбек мигранттарының заңды түрде жұмыс істеуіне оң ықпал етеді. «Енді Павлодарға келген шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша рәсімдей алады. Түрлі мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ, енді елімізде жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты бірнеше сағаттың ішінде алуға болады», – деді Фархат Әлімов.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ақпан айында мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу, сондай-ақ ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға арналған құжаттарды рәсімдеу бойынша құзыры берілген еді. Бұл қызметтердің барлығы бір жерден – миграциялық қызметтер орталығында көрсетіледі.
Жаңа фронт-офис Павлодар қаласы, Павлов көшесі 48/3 мекенжайы бойынша орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Павлодар облысы бойынша
баспасөз қызметі