Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы 1 шілдеден бастап жәрдемақы көлемі өседі
1 шілдеден бастап жәрдемақы көлемі өседі

photo5456254392333347456 

2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі.
«Нұр-Отан» партиясының XVIII съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30 % өсуі тиіс.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар күн көріс көлемінің 1,05 мөлшерінде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп, 41 578 теңгені құрайтын болады. Айта кетейік, облысымызда аталған екі жәрдемақы түрі 3 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 2 мыңнан астамы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 751-і бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер, ал елімізде аталған екі жәрдемақы түрі 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер.
Жылдың ортасынан бастап көлемі өсірілетін жәрдемақының қайта есептелуін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттері автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.
Жәрдемақы төлемдерін тағайындау шілденің және келесі әрбір айдың 1-нен 15-не дейін жұмыс күндері жүргізіледі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  
корпорациясы  КЕАҚ
Павлодар облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі