Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы Ертіс аудандық ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады
Ертіс аудандық ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

photo5454419612369267123


Жүргізуші куәлігін ауыстыру және автокөлікті тіркеу үшін Ертіс ауданының тұрғындарына енді мамандандырылған ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және азаматтар үшін ыңғайлы қылу мақсатында халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында Ертіс аудандық әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. Мамандандырылған сектор арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-да уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.
Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.
«Тұрғындарға қолайлы болу үшін Ертіс аудандық әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары жергілікті ХҚО-ға орналастырылды. Мамандандырылған сектор азаматтарға жүргізуші куәлігін ауыстыру және көлікті тіркеу мемлекеттік қызметтерін бір терезе қағидаты бойынша көрсету үшін іске қосылды. Тұрғындарға енді мамандандырылған ХҚО-ға барудың қажеті жоқ, алайда мұнда жүргізуші куәлігін алғаш алушылар жүгіне алмайды», – дейді«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Салтанат Ауппаева.
Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметін электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады