Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы Ақпарат Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды
Ақпарат Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Ақпарат Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту жайлы шешім қабылдады.

Енді үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтізбелік күнде емес, 8 жұмыс күнінен кейін берілетін болады.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжатын беру мерзімі да 15 күнтізбелік күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың  сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу жұмыстары да енді 10 жұмыс күні орнына 5 жұмыс күні ішінде орындалатын болады.