Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен Ертіс өңірінің 513 тұрғынына өтемақы тағайындалды
Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен Ертіс өңірінің 513 тұрғынына өтемақы тағайындалды

20140923-DSC_4498

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2924, Ертіс өңірінде 513 адамға төлем тағайындалған . Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді.
Аталған біржолғы өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет. Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төл құжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын өткізеді.
Айта кетейік, 2019 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда Семей полигонынан зардап шекті дегендерге 5,7 мың куәлік берілді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Павлодар облысы
бойынша филиалының
Баспасөз қызметі
e-mail: pr_pvl_con@mail.ru