Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

photo5375211271445654353

 

 Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.
1 қыркүйек күніне орай, балалардың оқу портфелін дайындап, қажетті мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін корпорация қызметкерлері қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектесті.
«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етеді. Ал отбасында бірнеше бала болса, тіптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір көрінісі. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетінен қаржы бөлген әріптестеріме алғысымды білдіремін», – дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Шара барысында облыстық филиал қызметкерлері 133 мыңнан аса теңге қаражат жинап, 20-дан астам баланың мектепке баруына жағдай жасады, барлығы Азаматтарға арналған үкімет 200 – ден аса балаға 2 миллионға жуық қаражат жинаған.
Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «NurOtan» ХДП ұйытқы болуымен өтеді.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Павлодар облысы
бойынша филиалының
Баспасөз қызметі
e-mail: pr_pvl_con@mail.ru