Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

E-commerce мүмкіндіктері

Жалпыға мәлім болғандай, сауда кез келген елдің экономикасын дамытудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің болжамы бойынша 2025 жылға қарай виртуалды сауда көлемі 153 миллиард теңгеден 2-3 триллион теңгеге дейін ұлғаяды, ал электрондық коммерция саласындағы жұмыс орындарының саны 200 мың белгіге жетеді.
Электрондық сауда қоғамының қазіргі даму кезеңінде дамыған және дамушы елдерде үлкен көңіл бөлінеді. Шет елдердің тәжірибесінде оны енгізу белгілі бір елдің адам өмірінің жайлылығы мен сапасына оң әсер етеді деп айтуға болады. Сонымен қатар, жақында ғана Қазақстан Республикасында электрондық сауда бөлшек айналымының жалпы үлесінде тек 1%-ды ғана алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық мақсат ретінде «қолма-қол ақшасыз экономикаға» ұмтылу қажеттілігі атап өтілді. Бұдан басқа, электрондық сауда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басым бағыты болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес электрондық сауданың тартымдылығы артады деп болжанады. Электрондық коммерцияның сұранысқа ие болуы мынадай іс-шаралар ықпал етеді: пошта инфрақұрылымының халық үшін қол жетімділігін жақсарту, клиенттердің сәлемдемелерді алу уақытын қысқарту, жөнелтімдерді үздіксіз жеткізуді жолға қою, клиенттік аналитиканы кеңінен пайдалану, тауарлар ассортиментін кеңейту және ұтқыр коммерцияның танымалдығының өсуі. Бағдарламаның нысаналы индикаторларына сәйкес 2022 жылға қарай бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі 2,6%-ды құрауы тиіс, ал онлайн-тапсырыстардың саны 2016 жылдың деңгейіне 281%-ға өсуі тиіс.
Нақты белгіленген міндеттер электрондық коммерцияны дамытуға тез арада түрткі болды. 2017 жылы Павлодар облысында интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс алатын 76 ұйым жұмыс істеді. Тауарлар мен қызметтерді өткізудің жалпы көлемі 1895,0 млн. теңгені құрады. 2018 жылы Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс алатын ұйымдар 251 бірлікті құрады (ұқсас кезеңге 330%).
Қазіргі заманғы даму жағдайында әрбір сатушының бірінші кезектегі міндеті сауда алаңдарын жаңғырту, келушілерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Электрондық саудаға көшу бизнесті дамытуға ғана емес, қаражаттың көлеңкелі айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, электрондық сауданы дамытудың маңызды қолдауы халықты және кәсіпкерлерді E-commerce негіздеріне оқыту және сауда қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
2019 жылы Павлодар облысында «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 900 адамды оқыту жоспарланған. Бұл бағдарламаның бағыттарының бірі кәсіпкерлердің сандық және қаржылық сауаттылығын оқыту болып табылады. Бүгінгі күні 621 адам оқытылды (екі ағын бойынша), үшінші ағын бойынша оқыту жүзеге асырылуда. Оқуды а.ж. екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, электрондық сауданы дамыту бойынша іс-шараларды іске асыруға, интернет-дүкендерді ашу бойынша кедергілерді жоюға, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бағытындағы жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғанын атап өтуге болады. Оның ішінде, мемлекеттік бағдарлама шаралары электрондық сауда саласындағы реттеуді, электрондық төлемдерді қабылдау сапасын арттыруды, сондай-ақ халық пен бизнесмендердің сандық және қаржылық сауаттылығын арттыруды, инфрақұрылым мен логистиканы дамытуды және электрондық сауданы ілгерілетуді көздейді.
Сондай-ақ, логистика саласына жұмыс орындарының санын (50%-ға дейін) арттыру жоспарланып отыр, бұл аталған сала мамандарына (қойма қызметкерлері, жүргізушілер, курьерлер, логистикалық компаниялардағы логистер және интернет-дүкендердегі логистер және т.б.) қажеттіліктің артуымен байланысты.