Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері Тақырып: Электрондық коммерция. Даму перспективалары.
Тақырып: Электрондық коммерция. Даму перспективалары.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен электрондық коммерцияны дамыту мақсатында Электрондық сауданы дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді және бекітілді.
Жол картасында 7 негізгі бағыттарды қарастырылады: электрондық сауданы реттеу, электрондық саудадағы төлем жүйелері, электрондық саудада халықтың және кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын көтеру.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салықтық преференциялар жалпыға белгіленген тәртібінде жаңа Салық кодексінде, КТС және ЖТС төлеуге кірістерді 100% -ға дейін босату бөлігінде күшіне енді.
Тауарларды өткізу бойынша мәмілелерді ресімдеу электронды түрде жүргізіледі, тауарлар төлемі жылдық жиынтық кірісінен 90%-ын кемінде қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы жүзеге асырылады, сатып алушыға (алушыға) тауарлар бойынша меншік жеткізілімі болуы немесе жүк тасымалдау бойынша, курьерді және (немесе) пошта қызметтерін жүзеге асыратын адамдармен шарттары болуы.
Бұдан басқа, «электрондық коммерция» ұғымын, сатушылармен және делдалдармен интернет-дүкендерді құрудың мәселелерін реттейтін нормаларды қарасытратын «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізілді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Заңға тауар туралы интернет-ресурстар арқылы тұтынушыларды ақпараттандыру, сондай-ақ тұтынушыларды тауарлардың қасиеттері, төлем шарттары, қайтарымы және сипаттамалары туралы дұрыс ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша сатушылар мен делдалдар үшін міндеттемелерді қарастыратын норманы қосу ұсынылды.
Сонымен қатар, интернет-сауданың негізгі элементтерінің бірі төлем жүйесі болып табылады.
Осы бағыт шеңберінде электрондық саудада кәсіпкерлердің шығындарын (қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банк комиссиясының мөлшерін) азайту мақсатында интеграцияланған (екінші деңгейлі банктермен) ішкі төлем платформасын енгізу, төлем жүйелерін жетілдіру, соның ішінде мобильдік төлемдер жүзеге асыратын оңайлатылған механизмін енгізуін ынталандыру және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мобильді төлемдер комиссиясын қысқарту, электрондық есепшот-фактуралардың қолдануына толық ауысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
Кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы электрондық коммерция бағытындағы «сервистік қолдау» қызметіне «Бизнестің онлайнға шығуы» жаңа қызметін енгізу қарастырылған.
Кәсіпкерлік сауаттылықты жоғарлату үшін «Қазпошта» АҚ-нің E-commerce орталықтары базасында «түбегейлі» интернет-дүкендерді құру қызметтері көрсетілуде.
2018 жылдан бастап «Қазпочта» АҚ логистика инфрақұрылымын дамыту үшін Астана және Алматы қалаларында екі логистикалық хаб және сұрыптау орталығы (Fullfilment орталық) құрылды. Өңделетін сәлемдемелер саны 5,148 млн.-нан 6 млн.-ға дейін 20%-ға, Қазақстан бойынша жеткізу мерзімін 15 күннен 6 күнге дейін және белгілі бір экспресс-почтамен маршруттар бойынша 1 күнге дейін қысқарту болжанып отыр.
2022 жылға қарай электрондық сауда саласында және аралас салаларда қосымша 200 мың жұмыс орнын құру болжануда.