Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Павлодарлық кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысуға шақырады
Павлодарлық кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысуға шақырады

Халық тұтынатын тауарлар өндірісін жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы «Қарапайым заттар экономикасы» деп аталады.
Өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директоры Ербол Арыновтын айтуынша Елбасының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі халық тұтынатын тауарлар өндірісін жеңілдікпен қаржыландыруға 600 млрд. теңге бөлді.
Бағдарлама бойынша барлығы 365 тауар позициясы анықталды. Бұған жеңіл өнеркәсібі, жиһаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және құрылыс материалдарын өндеу өндірісі кіреді.
Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын жан-жақты сүйемелдеу мақсатында Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Жобалық алқа жұмыс істейді.
«Жобалық алқаның негізгі міндеті - кәсіпкерлер үшін проблемалық мәселелерді анықтау, оларды тез арада шешу және бағдарлама қатысушыларынан өтініштерді қарау кезінде бюрократиялық кідірістерді жою. Біздің мақсатымыз – бағдарламаға қатысу шарттарымен аақпараттандыру, сонымен қоатар бағдарламаның әр қатысушысына барынша көмек көрсету. Агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме 5%, қайта өңдеу және қызмет көрсету үшін - 8% - дейді Ербол Арынов.
Жобалық алқа отырысы апта сайын өткізіледі. Өңірлік Жобалық алқа Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында мына мекен-жай бойынша жұмыс істейді: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, телефон нөмірі 660611 (ішкі 5523, 5552) Мұнда жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы барлық сұрақтар бойынша хабарласа аласыз.