Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Хабарландырулар Сервиска

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

 

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесідей қызмет түрлері көрсетіледі:
Қызмет № 1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер»;
Қызмет № 2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»;
Қызмет № 3: «Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу»;
Қызмет № 4: «Заңгерлік қызмет көрсету»;
Қызмет № 5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»;
Қызмет № 6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар»;
Қызмет № 7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»;
Қызмет № 8: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы консультациялар ».
Офлайн/онлайн қызметтерды тегін ала аласыз.
Сервистік қызметке қатысты өтініштерді келесі мекенжай бойынша бере аласыздар: Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Павлодар қ-сы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат байланыс телефоны: 8 /7182/ 660311 (ішкі ном. 5520).