Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Жолдаудың басым бөлігі кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған
Жолдаудың басым бөлігі кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы еліміздегі кәсіпкерліктің одан әрі дамуы үшін елеулі негіз болып табылады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын кеңейтуге, өндіріс саласына экспорттаушыларға қолдау көрсетуді, қаржыландыруға қолжетімділікті, бизнесті әкімшілік қысымнан қорғауға айрықша назар аударылды. Әрине, мұндай кереметмүмкіндіктерді біздің кәсіпкерлер жіберіп алмауы керек.
Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы аясында берілген тапсырмаларды орындауға дайын. Мемлекет басшысы нақты қолдауды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтқан болатын, экономиканың басым секторларын айқындап, мемлекеттік ресурстарды экспортқа шығаруға мүмкіндігібар белсенді кәсіпорындарды таңдау маңызды деп атап өтті. Әрине, қайта өңдеу секторы – назарда болу керек.
Осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін ҚР -ның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы өндіруші кәсіпорындарды паспортизациялауды жүргізуде. «Бизнестің жол картасы» аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша жеңілдіктерді алу ең алдымен оларға берілуі керек.
Павлодар облысында экономиканың осы секторының 104 нысаны сертификатталды. Сауалнама компаниялардың өндірістік қуаттарының жеткіліксіз деңгейін көрсетті, бұл кәсіпорындардың жүктемесі шамамен 59% құрайды, ал олардың көпшілігі қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, сату проблемалары, шикізат, үлкен салық ауыртпалығы сияқты қиындықтар туралы хабарлайды.
Жолдаудың айқын бөлігінің бірі ол – кәсіпкерлерге арналған салық амнистиясы. Бұл қадам кәсіпкерлер үшін маңызды.
Бизнетің өз жұмысын жаңа қадамнан бастауы үшін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан Шағын орта Бизнеске салықтық амнистияны жүргізу тапсырылды. Салықтың негізгі соммасын төлеген жағдайда, айыппұлдар мен есеппұлдарды есептен шығарылуы керек. Бұл өте маңызды, себебі негізгі қарызды төлеуге ынталандырады.
Президент берген тапсырмаларкөптеген мәселелердің шешімін тауып, болашаққа деген сенім арттырады.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуының өзі ғана болашаққа зор сенім үйелетеді.Тек қана бұл бағдарламаның жүзеге асырылуына жыл сайын қосымша 30 млрд.теңге бөлу қарастырылған.
Павлодар облысының мүмкіндіктері бар, мысалы, аймағымызда 2017 жылдың қорытындысы бойынша шикізаттсыз экспорттың, алюминий тотығының, Түркияға, Грецияға, Болгарияға, Ресейге және Хорватияға 160 млн. АҚШ долларына, алюминий оксидінің Ресейге - 37 млн.АҚШ долларына ұлғайғаны байқалады.
Бірақ, сонымен бірге, сырттан импортталатын тауарлар да аз емес.Олардың басым көпшілігін осы жерде өндіріле алатынын Елбасы даатап өткенболатын. Павлодар облысындағы өндірістік кәсіпорындардың талдауына сәйкес,118,1 млн.долларға 7 импортталатын тауарлар, біздің облысымызда шығаруға болатындығын білдік.
Бұл теңгерімсіздікті мемлекеттік қолдау шаралары арқылы жою қажет. Бұдан басқа, бүгінгі таңда облыс шағын және орта бизнес - ірі қалаларды қалыптастыратын кәсіпорындардың принципін қамтамасыз етуге тырысады. Бұл үшін өндірушілердің ынтымақтастығы үшін ұзақ мерзімді шарттар жасасуға болады, мемлекеттік сатып алуларға отандық өндірушілердің қатысуын барынша арттыру. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірістерді орналастыру үшін жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, біздің кәсіпорындарға тұтыну тауарларының кең ауқымын меңгеруге, «қарапайым заттардың экономикасын» дамытуға көмектесу керек.
Бұл экспорттық әлеуетті жүзеге асыру үшін ғана емес, сонымен қатар ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыру үшін де маңызды.
Әрине, бизнеске белгілі бір талаптар қойылады. Егер, қолдауға арналған арнайы тізімге енгізілетін қайта өңдеу кәсіпорындарының пулы туралы айтатын болсақ, кәсіпкерлер Палатасы сарапшылары қызметкерлерді жабдықтау, оқыту және қайта даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу, салықтық аударымдарды арттыру бойынша өзара міндеттемелерді әзірлеуді ұсынамыз.
Экономикаға қызығушылық танытқан барлық қатысушылардың тек үйлестірілген жұмысы, Президент айтқан мақсаттарға қол жеткізуге және әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ербол Арынов, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасының директоры