Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының Качир аудандағы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды
Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының Качир аудандағы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының Качир аудандағы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

«Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

 

           «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:

      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);

      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады);

      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады).

             «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық Павлодар облысы КҚКО, КҚО береді.

 

           Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;

 

           Өтінім беру, сервистік қызметтер мына мекенжай бойынша қабылданады: Тереңлөл ауылы, Тәуелсіздік  көшесі, 85, тел.21671.