Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам Қоғамдық тыңдаулар Мемлекеттік қызметтер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу қорытындысы
Мемлекеттік қызметтер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының іс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес 2019 жылғы 8 қарашада Тереңкөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларындағы әкімшілік кедергілерді оның ішінде: жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесіз жүктеуді; мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын; жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді; азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілген.
Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Қ. Аятова және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В.П. Кулик баяндады.
Ұсынылған ақпараттар негізінде Тереңкөл ауданының қоғамдық кеңесі келесі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірледі:
Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратына:
1) Павлодар облысы әкімінің аппаратына «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау», «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарттарын, «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру», «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекітуге бастамашылық ету туралы хат жолдансын.
Тереңкөл ауданының білім беру бөліміне:
1) Павлодар облысының білім беру басқармасына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды ұсыну бөлігінде келтіру жөніндегі мәселені бастамашылық ету туралы хат жолдансын.
Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне:
1) Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық ету туралы хат, өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді, адамның (отбасы мүшелерінің) табысы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және онкологиялық аурулармен ауыратын адамдар туралы мәліметтерді (аурудың I,II,III,IV сатылары) ұсыну қажеттігін алып тастау бөлігінде.

Тереңкөл ауданының қоғамдық кеңесі