Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам Сайлау Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлау туралы ҚАУЛЫ
Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлау туралы ҚАУЛЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің әкімін сайлау 2019 жылғы 11 қазанға белгіленсін.
2. Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса берілген күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы Тереңкөл ауданының әкіміне, Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысына осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдану үшін жолдансын.


Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

                                                                                                                                                                                                                Е. Мартыненко

Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы

А. Әріпбаева