Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам Сайлау 2019 жылғы 11 қазанға белгіленген Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
2019 жылғы 11 қазанға белгіленген Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Тереңкөл
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 қаулысымен
бекітілген

 

1. Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің тұрғындарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау өткізу күні туралы мәліметті хабарлау.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
2019 жылғы 12 қыркүйек
(36-1 б. 3 т.)**
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
2019 жылғы 12 қыркүйек
(13 б. 4 т.)*
3. Тереңкөл ауданы әкімінің ұсынымын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімге үміткердің сайлауға түсуге келісімі туралы үміткердің өтінішін аумақтық сайлау комиссиясына беру жолымен альтернативті негізде әкімге үміткерлерді ұсыну.
Аудан әкімі.
Сайлау өткізу күніне дейін 30 күн қалғанда - 2019 жылғы 11 қыркүйекке басталады және сайлау күніне дейін 25 күн қалғанда – 2019 жылғы 15 қыркүйекке аяқталады.
(36 б. 1 т., 36-1 б. 3 т.)**
4. Сайлаушылардың тізімін құру және оны дауыс беру пунктінде орналастыру.
Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысын ұсыну бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Дауыс беру күніне дейін 7 күн қалғанда – 2019 жылғы 3 қазан.
(36-1 б. 10 т.)**
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағымен және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының оған қойылатын талаптармен әкімге үміткердің сәйкестігін орнату, сәйкес хаттама толтыру.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Үш күн ішінде.
(36-1 б. 3 т.)**
6. 2019 жылғы 1 қыркүйекке тұрғылықты жері бойынша салық органдарына кірістер мен мүлік туралы декларация ұсыну.
Үміткер және оның жұбайы.
Үміткерді тіркегенге дейін.
(36-1 б. 3 т.)**
7. Үміткермен және оның жұбайымен декларацияланған кірістер мен мүлкі туралы декларацияның нақтылығын тексеру.
Салық қызметінің органдары.
Үміткер және оның жұбайының декларациясын алған күннен бастап 7 күн ішінде.
(36-1 б. 3 т.)**
8. Үміткерлерді тіркеу және тиісті куәлік беру.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және дауыс беру күніне дейін 15 күн қалғанда – 2019 жылғы 25 қыркүйекке аяқталады.
(36-1 б. 4 т., 36-1 б. 5 т. 2) тармақшасы, 36-1 б. 6 т.)**
9. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе басқа әдістермен үміткерлердің тіркелуі туралы хабарлау.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Үміткерлерді тіркегеннен кейін 7 күннен кешіктірмей
(36-1 б. 5 т. 1) тармақшасы)**
10. Үміткерлердің сенімді өкілдерін тіркеу және тиісті куәліктерін беру.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Сенімді өкілдер тізімін тіркеуге берген кезеңнен бастап.
(36-1 б. 7 т.)**
11. Келісім шарт негізінде үміткерлердің сайлаушылармен кездесу үшін бөлме ұсыну. Бөлінген бөлмеде үміткерлердің сайлаушылармен кездесу кестесін құру және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергілікті атқарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлауалды үгіттеу жүргізу кезеңінде.
(36-1 б. 7 т. 1) тармақшасы)**
(28 б. 4 т.)*
12. Сайлау алды үгіттеу жүргізу.
Әкімге үміткерлер мен оның сенімді өкілдері.
Үміткерлерді тіркеуді аяқтау күнінен басталады және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады – 2019 жылғы 25 қыркүйектен 9 қазанға дейін.
(36-1 б. 7 т.)**
(27 б. 2 т.)*
13. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясында сайлау қорларын тіркеу.
Әкімге үміткерлермен олардың сенімді өкілдері.
Үміткердің аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өтініш берген кезден бір күнтізбелік күн ішінде.
(36-1 б. 9 т.)**
14. Сайлау қорларының арнайы уақытша есептерін ашу.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Үміткерді тіркегеннен кейін.
(36-1 б. 9 т.)**
15. Дауыс беру үшін пункт ашу, тиісті хаттама толтыру.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау басталғанға дейін бір сағатта – 2019 жылғы 11 қазан.
(36-1 б. 10 т.)**
16. Әкім сайлауын өткізу. Дауыстарды санау және әкімнің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялау, әкім сайлауы нәтижелері туралы хаттама толтыру.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Бір күн ішінде – 2019 жылғы 11 қазан.
(36-1 б. 10 т.)**
17. Сайланған әкімді тіркеу. Жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа шешімді ұсыну.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлауды өткізу күнінен бастап бес күндік мерзімде – 2019 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей.
(36-1 б. 11 т.)**
18. Аумақтық сайлау комиссиясына үміткердің сайлау қорынан пайдаланған қаражат туралы есеп ұсыну.
Әкімге үміткерлер.
Сайлау қорытындыларын орнатқаннан кейін 5 күннен кешіктірмей – 2019 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей.
(36-1 б. 9 т.)**
19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары мен ауылдық округтің сайланған әкімін тіркеу туралы хабарлама жариялау.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізу күнінен бастап 7 күннен кешіктірмей - 2019 жылғы 17 қазаннан кешіктірмей.
(36-1 б. 11 т.)**

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде нормаларға сілтемелер берілген:
* - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы;
** - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы.