Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Экономика Качир ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Качир ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2018 жылғы қаңтар-сәуір айларында

1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
2018 жылға арналған өнеркәсіптің НКИ болжамы 104,0%
2018 жылғы қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 879,6млн. теңгені құрады, НКИ – 137,6%, 2018 жылғы 1 маусымда күтілетін нақты көлем индексі – 138,0%.
- өңдеуші өнеркәсіп 738,4 млн. теңгені құрады, НКИ 141,2%, 2018 жылғы 1 мамырда күтілетін нақты көлем индексі – 142,0%.
- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 127,7 млн. теңге немесе 110,4%, 2018 жылғы 1 маусымда күтілетін НКИ – 112,0%.
- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 13,5 млн. теңге немесе 89,2%, 2018 жылғы 1 маусымда күтілетін НКИ – 100,0%.
Азық-түлік өнеркәсібі. Азық түлік өнімдерінің өндірісі 647,1 млн. теңгені құрады немесе 2017 жылғы кезеңге 146,8%. 2018 жылғы 1 маусымда күтілетін НКИ – 147,0%.
Аудан өнеркәсібін «Песчан ЖМЗ» ЖШС және қайта өңдеу объектілері ұсынады. Ауданда 14 қайта өңдеу объектілері бар, олардың ішінде жұмыс істейтіні 12. 2018 жылдың 1 мамырбасынан бастап 162,0 тонна күнбағыс майы өндірілді немесе 2017 жылдың кезеңіне 100,0%, 243 тонна нан – тоқаш өнімдері (102,1%), 28 тонна шұжық өнімдері (100,0%), 36,58 тонна сүт өнімдері (416,6%), 25,0 тонна пастерленген сүт (96,2%), күнбағыс тұқымдары – 13,0 тонна (100,0%).
1.2 Ауыл шаруашылығы
2018 жылға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің НКИ болжамы 104,1% (соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 104,3%, мал шаруашылығы бойынша НКИ 103,9%).
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 2298,2 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,8%құрады. 2018 жылғы 1 маусымда күтілетін нақты көлем индексі-104,1%.
Ауданда ауылшаруашылық техникасы мен жинау жұмыстары үшін 8 типті жөндеу шеберханалары мен «Песчан ЖМЗ» ЖШС бар.
Аудан бойынша 12 ПИО,осы уақытта барлық орындар жұмыс істейді.
Мал шаруашылығы. 2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша ІҚМ басының саны 43,1 мың бас (2017 жылдың кезеңіне 104,0%), олардың ішінде сиыр 17,2 мың бас (104,1%), қой – 37,9 мың бас (100,1%), ешкі – 1,4 мың бас (100,1%), жылқы – 8,4 мың бас (111,0%), шошқа – 4,5 мың бас (102,1%), құстар – 77,9 мың бас (102,4%).
8,2 мың тонна (109,8%) сүт өндірілді, таза салмақты ет – 1,9 мың тонна (101,1%), жұмыртқа – 1,6 мың дана (100,2%).
Азық-түлік өнімдерін дайындауды 8 сүт қабылдау пункті және 7 ет дайындау пунктіжүзеге асырады. Дайындалған сүт 3171,9 тонна, ет 757,9тонна.
Жылдың басынанбастап ауылшаруашылық жәрменкесінде ұсынылатын өнімдердің көлеміне тұрақты мониторингі жүргізіледі. 2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша Тереңкөл ауылында бекітілген кестеге сәйкес жалпы 9,4 млн. теңге сомасына 17 жәрмеңке өткізілді, онда 770 кг сүт өнімдері, 7616 кг ет өнімдері сатылды.
1.3 Құрылыс
2018 жылға арналған құрылыс жұмыстарының НКИ болжамы 101,0%.
2018 жылғы қаңтар–сәуірайларында құрылыс жұмыстарының көлемі – 186,2 мың теңге (құрылыс жұмыстары көлемдерін қайта есептеу түзетуден кейін болады), 2017 жылғы сәйкес кезеңге НКИ – 150,7%, күтілетін құрылыс жұмыстарының көлемі 72,4 млн. теңге, 2018 жылғы 1 маусымдакүтілетін құрылыс жұмыстарының көлем 186,2 мың теңге, өткен жылдың деңгейінен 113,3%.
2018 жылғы қаңтар-сәуірайларында 768 шаршы метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,3%пайдалануға берілді. 1 маусымда күтілетін тұрғын үйге кіру 768 шаршы метр, НКИ – 100,3%.
2. Инвестициялар
2018 жылға арналған НКИ болжамы – 105,6%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 837,9 млн. теңге (НКИ-94,0%). 2018 жылғы 1 маусымдакүтілетін негізгі инвестиция көлемі – 1242,0 млн. теңге, НКИ – 100,0%.
Қаржыландыру көздері бойынша: меншікті қаражаттар – 446,8 млн. теңге,бюджеттік қаражаттар-377,4 млн. теңге(РБ- 45,2 млн. теңге, жергілікті бюджет- 332,2млн. теңге), басқа да қарыз қаражаттар-13,7 мың теңге
Качир ауданы бойынша жалпы 407,07 млн. теңге сомаға 37 бірлік ауылшаруашылық техникасатып алынды(меншікті қаражаттар).
3. Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1002 бірлікті 2017 жылғы деңгейге –77,1%құрады.Тіркелгендер жалпы санындағы ШОК әрекеттегі субъектілерінің үлесі79,3%.(Ш.О.К.жұмысын тоқтатқан субъектілер)
Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 1862 адамды (2017 жылғы деңгейге 102,3%) құрады.
2018 жылғы 1 сәуірге шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан 25104,0 мың теңге салықтар мен төлемдер түсті, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 103,9% құрады.

4. Сауда
2018 жылға арналған НКИ болжамы – 108,0%.
2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында бөлшек сауданың көлемі 1605,9 млн. теңгені НКИ 84,9%, 2018 жылғы 1 маусымда күтілетін нақты көлем индексі – 100%.
2018 жылғы 1 наурызға ауданның сауда желісін 149 стационарлық дүкен, 4 сауда үйі және 1 әмбебап типті базар ұсынады.
5. Бюджет
Есепті кезеңде аудан бюджетіне 190,2млн. теңге меншікті кірістер жұмылдырылды, жоспар кезінде 178,1 млн. теңге немесе 106,0%.
2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша аудан бюджеті шығыстарының бөлігі жалпы 100% орындалды, есепті кезеңде жоспар кезінде 1702607,0 мың теңге, атқарылу 1702130,6 мың теңге.
Игерілмеу 476,4 мың теңгені құрады, оның ішінде: 81,3 мың теңге жергілікті өзін-өзі басқару бойынша кіріс бөлігінің орындалмауы, 395,1 мың теңге жинақтау есебі кезінде.
2018 жылғы аудан бюджетінің жалпы көлемі 5922,1 млн. теңгені немесе 2017 жылға 122,9% құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 86,5% немесе 5066,5 млн. теңге.
6. Әлеуметтік сала
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыспен қамту органына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша тіркелген азаматтардың саны 522 адамды құрайды.
Жұмысқа орналастыру бойынша 217азаматқа көмек көрсетілді, есепті кезеңде 41 жаңа жұмыс орыны құрылды, жалпы сандағы тұрақты жұмыс орындарының үлесі 100,0%.2018 жылғы 403 жаңа жұмыс орнын құру күтілуде, соның ішінде 212 тұрақты немесе жалпы сандағы тұрақты жұмыс орнындарының үлесі 52,6%. Қоғамдық жұмыстарға 117 жұмыссыз азамат қатысты.
Тіркелген еңбек нарығының жұмыссыздық деңгейі – 2,1%.
2018 жылғы 1 мамырға Качир ауданы бойынша жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 65 отбасы, оның ішінде 276 адамға 3842,1 мың теңге сомасында төленді.
6.2 Еңбекақы төлеу
2018 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 81201 теңге немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6% құрады.
7. Білім беру
Качир ауданының білім беру жүйесін 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 4 бөбек- жай, 22 шағын орталық және 3 мектептен тыс мекеме ұсынады. Оқушылар контингенті 2984 адамды құрайды.Оқушылар контингенті 2984 адамды құрайды.
Аудан бойынша барлығы 624 мұғалім. Оның ішінде жоғары санатты – 135 оның ішінде 8 магистр (21,6%), бірінші санатты – 184 (29,5%), екінші санатты – 144 (23,1%), санатсыз – 161 (25,8%). Мұғалімдердің сапалық құрамы лицензиялық талаптарға сай.
Бір компьютерге жабдықтаудың орташа көрсеткіші– 3,2 адамды құрайды.
Жалпы аудан бойынша 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту – 80,1%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 94%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100 % құрайды.
Білім мекемелерінің материалдық-техникалық негізін нығайтуға 59010,0 мың теңге бөлінді,соның ішінде аудандық бюджеттен ақшалай қаражаттар 41668,0 мың теңге сомасында, облыстық бюджеттен 17342,0 мың теңге бөлінді.Оқушылар жиһаздары, оқушыларға арналған жеке шкафтар, музыкалық жабдықтар, компьютерлік техника, компьютерлік сынып, асхана жабдықтары, технология кабинеті, жаңа модификациялау кабинеті, мултимедиалық кабинеттер, химия кабинеті, робототехника кабинеті, гардероб жабдықтары, спорт жабдықтары, хоккей корты, асхана мармиті, ағашқа арналған станоктері, темірге арналған станоктер сатып алу.
Білім беру мекемелерінің күрделі жөндеуіне бюджеттен бөлінді 89288,0 мың теңге,соның ішінде аудандық бюджеттен 54191,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 35097,0 мың теңге.
«Оқушылар Үйі» МКҚМ-нің ғимаратын мен терезелерін ауыстырукүрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 5492,0 мың теңге бөлінді;
Береговой ЖББОМ–нің терезелер мен есік жақтауларын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 34097,0 мың теңге бөлінді;
Качир №2 ЖББОМ-нің аумағын абаттандыру мен шыға беріс пандустерін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 29657,0мың теңге бөлінді;
«Бобровка ЖББОМ» ММ,«Песчан №2 ЖББОМ» ММ, «Ивановка ЖББОМ» ММ-нің күрделі жөндеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен мемлекеттік сараптама жүргізу 958,0 мың теңге сома көлемінде бөлінді.
8. Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдік – алдын алу ұйымдар жүйесімен ұсынылады: 42 орынға арналған аудандық орталық аурухана, 25 орынға арналған Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің Качир бөлімі, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт.Качир аудандық жұртшылық денсаулық сақтау басқару органы, 2 жеке стоматологиялық бөлме, 5 жеке дәріхана және 12 дәріханалық пункт жұмыс істейді.
2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша тыныс алу органдарының туберкулезбен сырқаттану жағдайлары 60,7% жоғарланғаны байқалуда, көрсеткіш – 118,9 (2017жыл 74,0) құрады.
100 мың тұрғынға шаққандағы онкологиялық сырқаттану көрсеткіші 4,8% төмендеді және 252,7көрсеткішті (2017ж. – 265,2) құрады.
Сәбилік өлімнің көрсеткіші 100,0%төмендеді және көрсеткішті-0 (2017ж. – 22,7%) құрады.
9. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
9.1 Жолдар
Качир ауданының аумағы бойынша жалпы ұзындығы 144 шақырым республикалық маңызы бар: 60 шақырым Тереңкөл – Михайловка және 84 шақырым Омбы – Майқапшағай жолдары өтіп жатыр. Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы 95 шақырымды құрайды. Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 302,0 шақырым. Ауылішілік жолдардың ұзындығы 269,1 шақырым.
2018 жылы 127456,0 мың теңге сомасында, ұзындығы 7,2 шақырым ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Качир ауданы Львовка ауылының Чкалова көшесін ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 21469,0 мың теңге сома (ұзындығы 1,2 шақырым);
Качир ауданы Байқоныс ауылының ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 48106,0мың теңге сома(ұзындығы 2,7 шақырым).Жоба аяқталды;
Песчан ауылының ауылішілік жолдарын Гагарин айналымынан бастап Шоссейная көшесі механикалық жөндеу завод кіре беріс жолдарына дейін орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджетінен 28518,0 мың теңге сома (ұзындығы 1,4 шақырым);
Теренкөл ауылының ауылішілік жолдарын Торайғыров көшесін орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 29363,0 мың теңге сома (ұзындығы 1,9 шақырым);
Елді мекендердің көшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге (қыста, жазда ұстауға) 15324,0 мың теңге бөлінді. 3755,0 мың теңге игерілді, жолдарды қардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
2018 жылға арналған ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджетінен көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруға 22791,0 мың теңге бөлінді, көше жарығының электр энергиясы үшін 7913,0 мың теңге игерілді.
2018 жылға арналған ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджетінен көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруға 22713,0 мың теңге қарастырылды, көше жарығының электр энергиясы үшін 9953,0 мың теңге игерілді.
Елді мекендердің санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге 5174,0 мың теңге, 800,0 мың теңге игерілді. ( қоқыстарды шығару жұмыстарына төленді).

9.2 Абаттандыру
Елді мекендерді абаттандыру жұмысы бойынша аудандық бюджеттен 15283,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 2842,0 мың теңге игерілді.
9.3 Сумен жабдықтау
Ауданның елді мекенінің - 11 (Тереңкөл, Песчан, Трофимовка, Березовка, Калиновка, Львовка, Байқоныс, Октябрь, Ивановка, Фрументьевка және Қарасуық ауылдары) су құбыры суымен қамтамасыз етілген. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 138,42 шақырым. Халықтың орталық сумен жабдықталуымен қамтамасыз етілгендігі 78,7% құрайды.
Қалған 22 елді мекен жергілікті көздердің суын қолданады.
Ауданда тұтынушыларға ауыз суын беру және су құбыры желісін ұстауды «Бастау» МКК жүзеге асырады.
2018 жылы сумен жабдықтау жүйесінің жұмысістеуіне27184,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 23095,0 мың теңге игерілді.
10. Мәдениет
Ауданның клубтық мекемелер жүйесін 19 бірлік құрайды:Аудандық мәдениет үйі – 1, Ауылдық мәдениет үйлері (АМҮ)-10, ауылдық клубтар – 7, автоклуб – 1. Барлық клубтық мекемелер қызмет етеді, барлық округтер мәдени-сауық құру іс–шараларды ұйымдастырумен қамтылған.
Мемлекеттік қоғамдық кітапханалар жүйесі «Качир ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сі 13 ауылдық, 1 аудандық, 1 балалар кітапханасынан құралады. Кітапхана барлық орталық мекендерде бар.
2018 жылғы 1 мамырға орталық кітапхана жүйесінің кітаптар қоры 188845дананы құрады, соның ішінде мемлекеттік тілде – 56436 кітап.786 дана кітап түсті, оның ішінде қазақ – тілінде – 682 дана кітап.
Ағымдағы жыл басынан бастап 285 іс-шара өткізілді, оларға 27679адам қатысты, 2017 жылдың ұқсас кезеңіне сәйкес. 175 іс-шара өткізілді, оларға 22290адам қатысты.
11. Спорт
2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша ауданда 156 спорттық ғимарат, соның ішінде 1 стадион, 3 спорттық кешен, 31 спорттық зал, оның 25-і жалпы білім беретін орта мектеп ішінде, 3 ату тирі, 114 спорттық алаң, 1 хоккей корты, 6 дене шынықтыру және спортпен айналысуға ыңғайланған ғимарат бар.
Ауданда 47 дене тәрбиесінің ұжымы жұмыс істейді, қатысушылардың саны – 2425 адам. Ауданның барлық мектептерінде дене тәрбиесін үш сағаттық өткізу көлемі енгізілген, Качир аграрлық-техникалық колледжінде төрт сағаттық және жоғары сыныптарда жеке оқыту қарастырылған. Дене тәрбиесі сабақтарымен 3029 адам қамтылған. Ауданда спорттың келесі түрлері бойынша 183 секция және үйірмелер жұмыс істейді: баскетбол, волейбол, футбол, еркін күрес, қазақша күрес, үстел теннисі, шахмат, тоғыз-құмалақ, оқпен ату, жеңіл атлетика, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, жалпы дене дайындығы, спорттық бағдарлау.
Дене тәрбиесі қызметкерлерінің штаттық саны 110 адам, соның ішінде арнайы білімі бар-97, оның 64-і мұғалім, жаттықтырушы-оқытушы құрамы санынан арнайы білімі бар 18 адам, оның ішінде 3 адам бірінші санатты және 18 адам спорт бойынша нұсқаушы-әдіскер.
Ауданда БЖСМ істейді, жалпы оқушылар контингенті – 560 адам. Спорттың 6 түрі бойынша 36 топ жұмыс істейді: шайбалы хоккей, шаңғы жарыстары, еркін күрес, қазақша күрес, волейбол, баскетбол.
Соңғы үш жыл аралығында дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын азаматтар санының оң даму қарқыны байқалуда. Егер 2016 жылы 6030 адам (29,1%), 2017 жылы 6060 адам (29,4%), 2018 жылы 6040 (30,1%) адамды құрады.
Жылдың басынан 20 спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Онда 1027 адам қатысты (2017 жылы 15 спорттық-көпшілік іс шаралар өткізілді, онда 850 адам қатысты).
2018 жылға арналған облыстық және аудандық деңгейде іс-шараларды өткізуге 3827,0 мың теңге сомада қаражаттар бөлінді, есепті кезеңге 1789,0 мың теңге игерілді.
Аудандық құрама топ мүшелерінің спорттық жарыстарға қатысуына және дайындалуына 2679,0 мың теңге бөлінді, 2018 жылғы 1 мамырға 956,0 мың теңге игерілді.
12. ІІД
2017 жылғы қаңтар-наурыз айларында Качир ауданы бойынша 57 қылмыс тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%. 2018 жылғы 1 мамырда қауіпті және аса қауіпті қылмыстардың ашылуы – 98,0%.
Көшеде және қоғамдық жерлерде жасалатын криминогендік жағдайдың алдын алу үшін қылмыстарға толық мониторингі өткізіледі, олардың қорытындылары бойынша күштердің орналасуы және киімдердің қаражаттарына жиі түзетулер мен өзгертулер енгізіледі, ІІБ-нің барлық бөлімшелері қызметкерлерін тартумен қылмыс жиі жасалатын әкімшіліктік учаскелерде жедел-алдын алу шаралары ұйымдастырылады.

 13. 2018 жылға арналған міндеттер
2018 жылда мерзімінде аяқталатын жұмыс жүруде :
- Тереңкөл ауылындағы су тазалау құрылымдарын жаңғырту және реконструкциялау. 2018 жылғы республикалық бюджеттен – 420175,0 млн. теңге, облыс бюджеттен – 142544,0 мың теңгебөлінді,есепті кезеңде – 104905,0 мың теңге игерілді.(Жоба 2017 жылдан бері айналып келеді.Қазіргі уақыттасуды тазалаудың жаңа жабдықтары алынды, ескі жабдықтарды бөлектеу мен әкімшілік ғимаратын жөндеу жұмыстарын ЖШС« Life Строй Инвест» мердігері жүргізуде);
- Качир ауданының Федоровка ауылында су құбыры және су құбыры құрылымдарын салуға республикалық бюджеттен - 150000,0 мың теңге , облыстық бюджеттен - 50453,0 мың теңге қаражаты бөлінді, есепті кезеңде 50152,7 мың теңге игерілді.(Жоба 2017 жылдан бері айналып келеді. Қазіргі уақытта 7,5 шақырымға су құбыры құрастырылды, жеке тұлғалардың жер учаскелерінің шекаларына су беру жұмыстары жүргізілудеЖШС Ай-су- Мелиорация мердігері );
- Качир ауданы Тереңкөл ауылының №1 екі этажды тұрғын үйінің құрылысына облыс бюджеттен 251255,0 мың теңге қаражаты бөлінді, 164120 мың теңге игерілді. (Жоба 2017 жылдан бері айналып келеді. Қазіргі уақытта екінші қабаттың қабырғалары қалануда, едендерді төсеу, плитка төсеу, бірінші қабат қабырғаларын сылақтау, терезелер орнату жұмыстары жүрудеЖШС Портал – ПВ мердігері);
- Тереңкөл ауылының № 1 ЖББОМ-ке жалғастыра ғимарат салуға облыс бюджет қаражатынан – 80000 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 42200,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 30000,0 мың теңге игерілді.(Қазіргі уақытта фундамент төсеу жұмыстары жүруде ЖШС «СтройЗаст» мердігері);
- «Качир ауданының Береговой ауылында су құбыры және су құбыры құрылымдарын салуға» республикалық бюджет қаражаты есебінен - 131881,0 мың теңге,облыстық бюджеттен - 32970,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 46000,0 мың теңге игерілді (Қазіргі уақытта құбырды төсеу, қоршау плиталарын орнату жұмыстары жүруде ЖШС «Тим - Баг» мердігері);
- «Качир ауданының Жаңабет ауылында су құбыры және су құбыры құрылымдарын салуға» облыстық бюджет қаражаты есебінен – 2000,0 мың теңге бөлінді. (Конкурс аяқталды.ЖШС «Тим - Баг» мердігері);
- «Байқоныс ауылында ветеринарлық пунктін салу» облыстық бюджеттен 22937,0 мың теңге сома, есепті кезеңде 14000,0 мың теңге игерілді. (Қазіргі уақытта сэндвич- панельді орнату, плиталарды қалау «Ивенс-Павлодар» ЖШС мердігері);
- «Жаңабет ауылында ветеринарлық пунктін салу» облыстық бюджеттен 23058,0 мың теңге сома, есепті кезеңде 2000,0 мың теңге игерілді. (Қазіргі уақытта металл конструкцияларын орнату жұмыстары жүруде «Логотек KZ» ЖШС мердігері);

- «Федоровка ауылында ветеринарлық пунктін салу» облыстық бюджеттен 23000,0 мың теңге сомасында, есептік кезеңде 2000,0 мың теңге игерілді. (Қазіргі уақытта металл конструкцияларын орнату жұмыстары жүргізілуде «Логотек KZ» ЖШС мердігері);
- «Федоровка ауылында мал қорымының құрылысы» жерглікті бюджеттен 7120,0 мың теңге сомасында. (Мердігері «Рахат» фирмасы ЖШС, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр)