Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Экономика Качир ауданы (2018 жылғы қаңтар-маусым айларында)
Качир ауданы (2018 жылғы қаңтар-маусым айларында)

img278

1-қосымша

КАЧИР АУДАНЫ

2018 жылғы қаңтар-маусым айларында

 

  1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

2018 жылға арналған өнеркәсіптің НКИ болжамы - 104,0%

         2018 жылғы қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1258,9 млн. теңгені құрады, НКИ – 104,7%, 2018 жылғы 1 тамызға күтілетін нақты көлем индексі – 105,0%.

  • өңдеуші өнеркәсіп 1091,4 млн. теңгені құрады, НКИ – 105,1%, 2018 жылғы 1 тамызға  күтілетін нақты көлем индексі – 105,1%.
  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 147,7 млн. теңге немесе 109,6%, 2018 жылғы 1 тамызға күтілетін НКИ – 110,0%.
  • сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 19,8 млн. теңге немесе 84,5%, 2018 жылғы        1 тамызға күтілетін НКИ – 100,5%.

Азық-түлік өнеркәсібі. Азық түлік өнімдерінің өндірісі 935,2 млн. теңгені құрады немесе 2017 жылғы кезеңге 104,6%. 2018 жылғы                           1 тамызға  күтілетін НКИ – 105,0%.

Аудан өнеркәсібін «Песчан ЖМЗ» ЖШС және қайта өңдеу объектілері ұсынады. Ауданда 14 қайта өңдеу объектілері бар, олардың ішінде жұмыс істейтіні 12. 2018 жылдың 1 шілде басынан бастап 291 тонна күнбағыс майы өндірілді немесе 2017 жылдың кезеңіне 100,0%, 321 тонна нан – тоқаш өнімдері (102,3%), 41,5 тонна шұжық өнімдері (100,0%), 48 тонна сүт өнімдері (214,3%), 40 тонна пастерленген сүт (95,2%), күнбағыс тұқымдары – 43 тонна (100,0%).

1.2 Ауыл шаруашылығы

2018 жылға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің НКИ болжамы 104,1% (соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 104,3%, мал шаруашылығы бойынша  НКИ 103,9%).

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 4198,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,8% құрады. 2018 жылғы 1 тамызға  күтілетін нақты көлем индексі-104,1%.

Өсімдік шаруашылығы. Аудан бойынша 2018 жылғы 1 шілдеде  126,6 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар, соның ішінде 86,9 мың гектарға бидай, арпа – 17,95 мың гектар,сұлы – 11,3 мың гектар, тары – 1,1 мың гектар, қарақұмық жармасы – 9,6 мың гектар, майлы дақылдар – 75,9 мың гектар, күнбағыс – 68,0 мың гектарға, зығыр – 4,07 мың гектар, 1,4 мың гектар алқапқа картоп, 0,22 мың гектар алқапқа көкөністер себілді.

Біржылдық шөптер 9,6 мың гектар, өткен жылдардың көп жылдық шөптері 2,7 мың гектарды, барлығы азықтық – 36,1 мың гектар. Ауылшаруашылық техникасын жөндеу және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданда 8 типтік жөндеу шеберханасы және «Песчан ЖМЗ» ЖШС бар.

Аудан бойынша 12 қолдан ұрықтандыру пункті бар, қазіргі уақытқа барлығы жұмыс істейді.

Мал шаруашылығы. 2018 жылғы 1 шілде  жағдайы бойынша ІҚМ басының саны 46,4 мың бас (2017 жылдың кезеңіне 112,1%), олардың ішінде сиыр 17,1 мың бас (101,8%), қой – 38,7 мың бас (102,0%), ешкі – 1,7 мың бас (100,1%), жылқы – 9,0 мың бас (108,1%), шошқа – 4,7 мың бас  (101,9%), құстар – 92,7 мың бас (100,3%).

16,8 мың тонна (108,7%) сүт өндірілді, таза салмақты ет – 2,9 мың тонна  (101,8%), жұмыртқа – 3319 мың дана (100,4%).

         Азық-түлік өнімдерін дайындауды 8 сүт қабылдау пункті және 7 ет дайындау пункті жүзеге асырады. Дайындалған сүт 8350,7 тонна, ет 1096 тонна.

 Жылдың басынан бастап ауылшаруашылық жәрменкесінде ұсынылатын өнімдердің көлеміне тұрақты мониторингі жүргізіледі. 2018 жылғы 1 шілде  жағдайы бойынша  Тереңкөл ауылында бекітілген кестеге сәйкес жалпы 16,8 млн. теңге сомасына 26 жәрмеңке өткізілді, онда 1485 кг сүт өнімдері, 13260 кг ет өнімдері сатылды.

1.3 Құрылыс

2018 жылға арналған құрылыс жұмыстарының НКИ болжамы 101,0%.

2018 жылғы қаңтар–маусым айларында құрылыс жұмыстарының көлемі – 2299,3 млн. теңге (құрылыс жұмыстары көлемдерін қайта есептеу түзетуден кейін болады), 2017 жылғы сәйкес кезеңге  НКИ – 453,5%,  2018 жылғы 1 шілдеде күтілетін құрылыс жұмыстарының көлем 2299,3 мың теңге, өткен жылдың деңгейінен 447,3% жоғары.  

         2018 жылғы қаңтар-маусым айларында 1331 шаршы метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,8% пайдалануға берілді.  1 тамызға күтілетін тұрғын үйге кіру  1331 шаршы метр, НКИ – 100,8%.

  1. Инвестициялар

2018 жылға арналған НКИ болжамы – 105,6%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2434,8 млн. теңге (НКИ-125,4%). 2018 жылғы 1 тамызға  күтілетін  негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі – 2831,5 мың теңге, НКИ – 134,5%.

Қаржыландыру көздері бойынша: меншікті қаражаттар – 1207,4 млн. теңге, бюджеттік қаражаттар – 1134,7  млн. теңге (РБ – 440,4 млн. теңге, жергілікті бюджет- 694,3 млн. теңге), басқа да қарыз қаражаттар – 92,7 мың теңге.

Качир ауданы бойынша жалпы 662,0 млн. теңге сомаға 64 бірлік ауылшаруашылық техника, соның ішінде меншікті қаражаттар арқылы 5019,47 млн. теңге сомаға 45 бірлік, «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы лизингке 142,60 млн. теңге сомаға 19 бірлік   сатып алынды.

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1037 бірлікті 2017 жылғы деңгейге – 78,9% құрады. Тіркелгендер жалпы санындағы ШОК әрекеттегі субъектілерінің үлесі 80,5%. (Ш.О.К.жұмысын  тоқтатқан субъектілер)

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 1900 адамды (2017 жылғы деңгейге 104,2%) құрады.

2018 жылғы 1 тамызға  болжамы – 1903 адам.

2018 жылғы 1 маусымға шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан - 10210 мың теңге салықтар мен төлемдер түсті, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 110,8% құрады.

  1. Сауда

2018 жылға арналған НКИ болжамы – 108,0%.

2018 жылдың қаңтар-маусым  айларында бөлшек сауданың көлемі 2559,4 млн. теңгені, НКИ 71,5%, 2018 жылғы 1 тамызға  күтілетін нақты көлем индексі – 80,0%.

2018 жылғы қаңтар-маусым көтерме сауда көлемі 49,7 млн. теңгені құрады.

2018 жылғы 1 маусымға  ауданның сауда желісін 149 стационарлық дүкен, 4 сауда үйі және 1 әмбебап типті базар ұсынады.

  1. Бюджет

Есепті кезеңде аудан бюджетіне 299,5 млн. теңге меншікті кірістер жұмылдырылды, жоспар кезінде 276,6 млн. теңге немесе 108,3%.

2018 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша аудан бюджеті шығыстарының бөлігі жалпы 100% орындалды, есепті кезеңде жоспар кезінде 3612,1 мың теңге,  атқарылу 3612,0 мың теңге.

2018 жылғы аудан бюджетінің жалпы көлемі 6702,0 млн. теңгені немесе 2017 жылға 139,2% құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 87,6% немесе 5870,0 млн. теңге.

  1. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту органына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша тіркелген азаматтардың саны 791 адамды құрайды.

Жұмысқа орналастыру бойынша 427 азаматқа көмек көрсетілді, есепті кезеңде 201 жаңа жұмыс орны құрылды,  соның ішінде жаңа тұрақты жұмыс орнына 115 адам орналастырылды, жалпы сандағы тұрақты жұмыс орындарының үлесі 57,2% құрады.

Қорытынды кезең бойынша 57 жаңа жұмыс орны құрылды, жастар практикасына 4 түлектер жолданды.

 

2018 жылғы  403 жаңа жұмыс орнын құру күтілуде, соның ішінде 212 тұрақты немесе жалпы сандағы тұрақты жұмыс орнындарының үлесі 52,6%.  Қоғамдық жұмыстарға 201 жұмыссыз азамат қатысты.

Тіркелген еңбек нарығының жұмыссыздық деңгейі – 2,6%.

2018 жылғы 1 шілдеге Качир ауданы бойынша жаңа форматтағы  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 71 отбасы, оның ішінде 302 адамға 7211,7 мың теңге сомасында төленді.

2018 жылдың басынан Качир ауданы бойынша 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алып тасталынды.

6.2 Еңбекақы төлеу

2018 жылғы қаңтар-наурыз  айларындағы бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 81201 теңге немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6% құрады.

  1. Білім беру

Качир ауданының білім беру жүйесін 27 жалпы білім беретін орта мектеп, 4 бөбек- жай, 22 шағын орталық және 3 мектептен тыс мекеме ұсынады. Оқушылар контингенті 2948 адамды құрайды. «Качир ауданының Жаңақұрылыс ауылдық округінің Покровка негізгі жалпы  мектебі» 2018 жылғы 13 маусымнан №211/5 Качир ауданының әкімдігінің қаулысымен таратылды.

2018 жылғы аудан бойынша 121 түлек мектепті аяқтады, оның ішінде 8 адам «Алтын белгі» ие болғандар және «Үздік Аттестат» 2 адам иеленді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу Тереңкөл ауылында Қ. Оспанова атындағы №3 ЖББОМ базасындағы ҰБТӨП пунктінде өткізілді. Тестілеуге 121 түлектен  68-і  қатысты (56,2%).

ҰБТ – ЖОО – ға түсу емтиханы және мемлекеттік грантты бөлу жүйесі ретінде қолданылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2018 жылғы 22 маусымда бір ағымда өткізілді. ҰБТ қатысқандар пайызы 56,2 (68 қатысушы) құрады.

Орташа ұпай бойынша 2018 жылғы ҰБТ-ның  орташа ұпайы – 94,32 ұпайды құрады (2017 жылы – 91,09 ұпай), бұл көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішінен 3,23 ұпайға жоғары.

Аудан бойынша барлығы 624 мұғалім. Оның ішінде жоғары санатты – 135 оның ішінде 8 магистр (21,6%), бірінші санатты – 184 (29,5%), екінші санатты – 144 (23,1%), санатсыз – 161 (25,8%). Мұғалімдердің сапалық құрамы лицензиялық талаптарға сай.

Бір компьютерге жабдықтаудың орташа көрсеткіші– 3,2 адамды құрайды.

Жалпы аудан бойынша 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту – 80,1%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 94%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100 % құрайды.

Білім мекемелерінің материалдық-техникалық негізін нығайтуға 57757,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде аудандық бюджеттен  40415,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 17342,0 мың теңге бөлінді, 1 шілдеге  жергілікті бюджеттен 8027,9 мың теңге игерілді, облыстық бюджет трансферттері 828,0 мың теңге.  Оқушылар жиһаздары, оқушыларға арналған жеке шкафтар, музыкалық жабдықтар, компьютерлік техника, компьютерлік сынып, асхана жабдықтары, технология кабинеті, жаңа модификациялау кабинеті, мултимедиалық кабинеттер, химия кабинеті, робототехника кабинеті, гардероб жабдықтары, спорт жабдықтары, хоккей корты, асхана мармиті, ағашқа арналған станоктері, темірге арналған станоктер сатып алу.

Білім беру мекемелерінің күрделі жөндеуіне бюджеттен бөлінді 84199,0 мың теңге, соның ішінде аудандық бюджеттен  55786,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 28413,0 мың теңге, есепті кезеңде аудандық бюджеттен 6907,5 мың теңге көлемінде игерілді, соның ішінде:

«Оқушылар Үйі» МКҚМ-нің ғимараты мен терезелерін ауыстыру бойынша күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 5492,0 мың теңге бөлінді;

Музыкалық мектебін қайта жөндеу жұмыстарын өткізу үшін ЖСҚ дайындауға жергілікті бюджеттен 241,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді;

Береговой ЖББОМ–нің терезелер мен есік жақтауларын ауыстыру бойынша  күрделі жөндеуге облыстық  бюджеттен трансферттер  28413,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 5000,0 мың теңге игерілді;

Качир №2 ЖББОМ-нің аумағын абаттандыру мен шыға беріс пандустерін күрделі жөндеуге жергілікті  бюджеттен 29653,0 мың теңге бөлінді;

«Береговой ЖББОМ» ММ-нің  түтін мұржасын күрделі жөндеуге, мемлекеттік сараптама жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 471,0 мың теңге сома көлемінде бөлінді, есепті кезеңде 471,0 мың теңге игерілді;

«Бобровка ЖББОМ» ММ-нің  мемлекеттік сараптама өткізу үшін , шатырын, терезелерін мен есіктерін ауыстыру жұмыстарын өткізу үшін жергілікті бюджеттен 241,0 мың теңге көлемінде бөлінді, қорытынды кезең бойынша 240,0 мың теңге игерілді;

«Песчан №2 ЖББОМ» ММ-нің  түтін мұржасын күрделі жөндеуге, ЖСҚ әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 236,0 мың теңге сома көлемінде бөлінді, есепті кезеңде 236,0 мың теңге игерілді;

«Песчан №2 ЖББОМ» ММ-нің  түтін мұржасын күрделі жөндеуге, мемлекеттік  сараптама жүргізу  үшін жергілікті бюджеттен 240,0 мың теңге сома көлемінде бөлінді;

«Ивановка ЖББОМ» ММ-нің шатырын күрделі жөндеуге, мемлекеттік  сараптама жүргізу  үшін жергілікті бюджеттен 241,0 мың теңге сома көлемінде бөлінді, есепті кезеңде 240,5 мың теңге игерілді;

«Октябрь ЖББОМ» ММ-нің шатырын күрделі жөндеуге, мемлекеттік  сараптама жүргізу  үшін жергілікті бюджеттен 480,0 мың теңге сома көлемінде бөлінді, есепті кезеңде 480,0 мың теңге игерілді;

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдік – алдын алу ұйымдар жүйесімен ұсынылады: 25 орынға арналған аудандық орталық аурухана, 25 орынға арналған Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің Качир бөлімі, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт. Качир аудандық жұртшылық денсаулық сақтау басқару органы,  2 жеке стоматологиялық бөлме, 5 жеке дәріхана және 2 дәріханалық пункт,    «Скокова» ЖК жылжымалы  1 дәріхана  жұмыс істейді.

 2018 жылғы 1 шілде  жағдайы бойынша тыныс алу органдарының туберкулезбен сырқаттану жағдайлары 79,8% жоғарланғаны байқалуда, көрсеткіш – 43,7 (2017 жылы 24,3) құрады.

100 мың тұрғынға шаққандағы онкологиялық сырқаттану көрсеткіші 11,7% жоғарлады және  307,2 көрсеткішті (2017ж. – 275,0) құрады.

Сәбилік өлімнің көрсеткіші 51,5% төмендеді және көрсеткішті-8,2 (2017ж. – 16,9%) құрады.

  1. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

9.1 Жолдар

Качир ауданының аумағы бойынша жалпы ұзындығы 144 шақырым республикалық маңызы бар: 60 шақырым Тереңкөл – Михайловка және 84 шақырым Омбы – Майқапшағай жолдары өтіп жатыр. Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы 95 шақырымды құрайды. Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 302,0 шақырым. Ауылішілік жолдардың ұзындығы 269,1 шақырым.

Качир ауданының «Береговой-Октябрьск-Лесное» 3,86-16,79 шақырым (12,93 шақырым) автокөлік жолдарының участоктерін күрделі жөндеуіне облыстық және республикалық  бюджеттен 454820,8 мың теңге сомасында бөлінді, 150000,0 мың теңге игерілді.

2018 жылы 126954,3 мың теңге сомасында, ұзындығы 7,2 шақырым ауылішілік жолдарын орташа жөндеу  жұмыстарын жүргізу жоспарлануда:

Качир ауданы Львовка ауылының Чкалова көшесін ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 21468,4 мың теңге сома (ұзындығы 1,2 шақырым). Жоба аяқталды;

Качир ауданы Байқоныс ауылының ауылішілік жолдарын орташа жөндеу  жұмысына облыстық бюджеттен 47605,0 мың теңге сома (ұзындығы 2,7 шақырым). Жоба аяқталды;

Песчан ауылының ауылішілік жолдарын Гагарин айналымынан бастап Шоссейная көшесі механикалық жөндеу завод кіре беріс жолдарына дейін орташа жөндеу жұмыстарына  аудандық бюджетінен  28518,0 мың теңге сома (ұзындығы 1,4 шақырым);

Теренкөл ауылының ауылішілік жолдарын Торайғыров көшесін орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 29362,9 мың теңге сома (ұзындығы 1,9 шақырым). Жоба аяқталды;

Аудандық маңызы бар жолдарды қамтамасыз етуге 5606,0 мың теңге бөлінді, игерілді 5606,0 мың теңге. Жолдарды қардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Елді мекендердің көшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге (қыста, жазда ұстауға) 15324,0 мың теңге бөлінді. 6714,0 мың теңге игерілді, жолдарды қардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

2018 жылға арналған ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджетінен көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруға 22210,0 мың теңге бөлінді, көше жарығының электр энергиясы үшін 12957,0 мың теңге игерілді.

Елді мекендердің санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге 4979,0 мың теңге бөлінді, 2168,0 мың теңге игерілді (қоқыстарды шығару жұмыстарына   төленді).

Көму орындарын қамтамасыз етуге 600,0 мың теңге бөлінді, игерілген  жоқ.

9.2 Абаттандыру

Елді мекендерді абаттандыру жұмысы бойынша аудандық бюджеттен 16494,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 7637,0 мың теңге игерілді.

9.3 Сумен жабдықтау

Ауданның  елді мекенінің - 11 (Тереңкөл, Песчан, Трофимовка, Березовка, Калиновка, Львовка, Байқоныс, Октябрь, Ивановка, Фрументьевка және Қарасуық ауылдары) су құбыры суымен қамтамасыз етілген. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 138,42 шақырым. Халықтың орталық сумен жабдықталуымен қамтамасыз етілгендігі 78,7% құрайды.

Қалған 22 елді мекен жергілікті көздердің суын қолданады.

Ауданда тұтынушыларға ауыз суын беру және су құбыры желісін ұстауды «Бастау» МКК жүзеге асырады.

2018 жылы сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуіне 36184,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 36184,0 мың теңге  игерілді.

10.Мәдениет

Ауданның клубтық мекемелер жүйесін 19 бірлік құрайды: Аудандық мәдениет үйі – 1, Ауылдық мәдениет үйлері (АМҮ)-10, ауылдық клубтар – 7, автоклуб – 1. Барлық клубтық мекемелер қызмет етеді, барлық округтер мәдени-сауық құру іс–шараларды ұйымдастырумен қамтылған.

 «Качир ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сі мемлекеттік жаппай кітапханалар жүйесінде 13 ауылдық, 1 аудандық, 1 балалар кітапханасынан құралады. Кітапхана барлық орталық мекендерде бар.

2018 жылғы 1 шілдеге  орталық кітапхана жүйесінің кітаптар қоры 189448 дананы құрады, соның ішінде мемлекеттік тілде – 56956 кітап. 1389 дана кітап түсті, оның  ішінде қазақ – тілінде 1202 дана кітап.

Ағымдағы жыл басынан бастап 426 іс-шара өткізілді, оның ішінде 54639 адам қатысты, 2017 жылдың ұқсас кезеңіне сәйкес, 364 іс-шара өткізілді, көрермендер 73478 адам.

  1. Спорт

2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша ауданда 156 спорттық ғимарат, соның ішінде 1 стадион, 3 спорттық кешен, 31 спорттық зал, оның 25-і жалпы білім беретін орта мектеп ішінде, 3 ату тирі, 114 спорттық алаң, 1 хоккей корты, 6 дене шынықтыру және спортпен айналысуға ыңғайланған ғимарат бар.

Ауданда 47 дене тәрбиесінің ұжымы жұмыс істейді, қатысушылардың саны – 2425 адам. Ауданның барлық мектептерінде дене тәрбиесін үш сағаттық өткізу көлемі енгізілген, Качир аграрлық-техникалық колледжінде төрт сағаттық және жоғары сыныптарда жеке оқыту қарастырылған. Дене тәрбиесі сабақтарымен 3029 адам қамтылған. Ауданда спорттың келесі түрлері бойынша 183 секция және үйірмелер жұмыс істейді: баскетбол, волейбол, футбол, еркін күрес, қазақша күрес, үстел теннисі, шахмат, тоғыз-құмалақ, оқпен ату, жеңіл атлетика, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, жалпы дене дайындығы, спорттық бағдарлау.

Дене тәрбиесі қызметкерлерінің штаттық саны 110 адам, соның ішінде арнайы білімі бар-97, оның 64-і мұғалім, жаттықтырушы-оқытушы құрамы санынан арнайы білімі бар 18 адам, оның ішінде 3 адам бірінші санатты және 18 адам спорт бойынша нұсқаушы-әдіскер.

Ауданда БЖСМ істейді, жалпы оқушылар контингенті – 560 адам. Спорттың 6 түрі бойынша 36 топ жұмыс істейді: шайбалы хоккей, шаңғы жарыстары, еркін күрес, қазақша күрес, волейбол, баскетбол.

Соңғы үш жыл аралығында дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын азаматтар санының оң даму қарқыны байқалуда. Егер 2016 жылы 6030 адам (29,1%), 2017 жылы 6060 адам (29,4%), 2018 жылы 6040 (30,1%) адамды құрады.

2018 жылғы 09 шілдедегі жағдайы бойынша Качир ауданы облыстық спартакиада қалалар мен ауданадар арасында 1 орынды иеленді: Президенттік қысқы көп күрестен 4 орын, үстел теннисі 3 орын, қазақ күресі 3 орын, армрестлинг 1 орын, гир көтеру спортынан 3 орын, тоғызқұмалақ 3 орын, шашкидан 2 орын.

Жылдың басынан 57 спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Онда 5200 адам қатысты (2017 жылы 45 спорттық-көпшілік іс шаралар өткізілді, онда 5000 адам қатысты).

2018 жылға арналған аудандық деңгейде іс-шараларды өткізуге 3827,0 мың теңге сомада қаражаттар бөлінді, есепті кезеңге 3827,0 мың теңге игерілді.

Аудандық құрама топ мүшелерінің спорттық жарыстарға қатысуына және дайындалуына 2679,0 мың теңге бөлінді, 2018 жылғы 1 шілдеге 2679,0 мың теңге игерілді.

12.ІІД

2018 жылғы қаңтар-маусым айларында Качир ауданы бойынша 82 қылмыс тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%.  2018 жылғы 1 шілдеге   қауіпті және аса қауіпті қылмыстардың ашылуы – 100%.

Көшеде және қоғамдық жерлерде жасалатын криминогендік жағдайдың алдын алу үшін қылмыстарға толық мониторингі өткізіледі, олардың қорытындылары бойынша күштердің орналасуы және киімдердің қаражаттарына жиі түзетулер мен өзгертулер енгізіледі,                ІІБ-нің барлық бөлімшелері қызметкерлерін тартумен қылмыс жиі жасалатын әкімшіліктік учаскелерде жедел-алдын алу шаралары ұйымдастырылады.

  1. 2018 жылға арналған міндеттер

Ағымдағы жылы үш жұмыс жобалар жалғасуда :

  • Тереңкөл ауылындағы су тазалау құрылымдарын жаңғырту және реконструкциялау. 2018 жылғы республикалық бюджеттен – 420175,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 142544,0 мың теңге бөлінді, 2018 жылғы 1 шілдеге республикалық бюджеттен – 1576055,0  мың теңге, облыстық бюджеттен – 92467,9 мың теңге игерілді. (Жоба 2017 жылдан бері айналып келеді. Қазіргі уақытта  ескі тазалау жабдықтарды бөлшектеу, екінші резервуардың құрылыстық қалдықтары мен әкімшілік ғимаратын жөндеу жұмыстарын ЖШС « Life Строй Инвест»  мердігері жүргізуде);
  • Качир ауданының Федоровка ауылында су құбыры және су құбыры құрылымдарын салуға республикалық бюджеттен – 392830,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 50453,0 мың теңге қаражаты  бөлінді, 2018 жылғы 1 шілдеге республикалық бюджеттен – 150000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 50349,2  мың теңге игерілді.( Жоба 2017 жылдан бері айналып келеді.  Қазіргі уақытта 7,5 шақырымға су құбыры құрастырылды, жеке тұлғалардың жер учаскелерінің  шекаларына су беру жұмыстары жүргізілуде ЖШС Ай-су- Мелиорация мердігері );
  • Качир ауданы Тереңкөл ауылының №1 екі этажды тұрғын үйінің  құрылысына облыс бюджеттен 251255,0 мың теңге қаражаты бөлінді, 2018 жылғы 1 шілдеге   244120,0 мың теңге игерілді. (Жоба 2017 жылдан бері айналып келеді. Қазіргі уақытта екінші қабаттың қабырғалары қалануда, едендерді төсеу, плитка төсеу, бірінші қабат қабырғаларын сылақтау, терезелер орнату   жұмыстары жүруде ЖШС Портал – ПВ мердігері);

Ағымдағы жылда келесі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:

  • Тереңкөл ауылының № 1 ЖББОМ-ке жалғастыра ғимарат салуға облыс бюджет қаражатынан – 80000 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 42200,0 мың теңге бөлінді, есепті кезеңде 87200,0  мың теңге игерілді.     (Қазіргі уақытта  екінші қабаттың қабырғаларын көтеру, баспалдақтың екі рейсі орнатылды, кәріз жүйесі бойынша жұмыстары жүруде ЖШС «СтройЗаст» мердігері);
  • «Качир ауданының Береговой ауылында су құбыры және су құбыры құрылымдарын салуға» республикалық бюджет қаражаты есебінен - 131881,0 мың теңге, облыстық бюджеттен - 32970,0 мың теңге бөлінді, 2018 жылғы 1 шілдеге республикалық бюджеттен- 100667,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 32905,8 мың теңге игерілді. (Қазіргі уақытта  торлы құрылғысымен ішкі қоршауларды орнату, сыртқы қоршауларды темір бетонды плиталармен орнату, 5,5 шақырымға суқұбыры төселді, магистральды желілер бойынша су құбырын орнату, шұңқырларға топырақ әзірлеу және шұңқырларды қайта топырақпен жабу жұмыстары жүруде ЖШС «Тим - Баг» мердігері);
  • «Качир ауданының Жаңабет ауылында су құбыры және су құбыры құрылымдарын салуға» облыстық  бюджет қаражаты есебінен – 211901,0 мың теңге  бөлінді. (Конкурс аяқталды. ЖШС «Тим - Баг» мердігері);
  • «Байқоныс ауылында ветеринарлық пунктін салуға» облыстық бюджеттен 22937,0 мың теңге сома, есепті кезеңде 22227,3 мың теңге игерілді. («Ивенс-Павлодар» ЖШС  мердігері Құрылыс аяқталды);
  • «Жаңабет ауылында ветеринарлық пунктін салуға» облыстық бюджеттен 23058,0 мың теңге сома, есепті кезеңде 14558,0 мың теңге игерілді. ( «Логотек KZ» ЖШС  мердігері Құрылыс аяқталды);
  • «Федоровка ауылында ветеринарлық пунктін салуға» облыстық бюджеттен 23000,0 мың теңге сома, есепті кезеңде 15209,0 мың теңге игерілді. ( «Логотек KZ» ЖШС  мердігері Құрылыс аяқталды);
  • «Федоровка ауылында мал көміндісін салуға» жергілікті бюджет есебінен 7100,0 мың теңге сомасына. (Қазіргі уақытта жер жұмыстары аяқталуда 15 бірлік көлемінде тюбингтер жеткізілді «Рахат» ЖШС фирма мердігері);

 

                                        

                Качир ауданы

әкімінің орынбасары

 

                         Қ. Едрішева